Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Cиноптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады, тек батысында күн ашық. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 30 м/с асады, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады, күндіз көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел – 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейуі мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні кей жерлерде 23-28м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ,  жаяу бұрқасын болаы,  жел күшейеді – 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел  күшейеді – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Су тасқынының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Су тасқыны: 9 облыста дабылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел күшейеді – 15-20 м/с. 

Алматы облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей  жерлерінде тұман түседі.

Жаңалықтар
0