Спорт

Дычко қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді - видео

© AP Photo / Lee Jin-manИван Дычко, архив
Иван Дычко, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстандық Иван Дычко қарсыласы Стивен Кирнонды алғашқы минуттарда нокаутқа жіберді

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Иван Дычко Флоридада кәсіпқой жекпе-жекте жеңіске жетті.

27 жастағы боксшы 29 жастағы америкалық Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутқа жіберді. Кирнон Дычкомен кездесуге дейін шаршы алаңға өткен жылдың қаңтарында шыққан, деп жазады ProSport.

Иван Дычко әуесқойдан кәсіпқой боксқа өткен жылдың жазында ауысқан болатын. Алғашқы жекпе-жегінде ол Эйбур Райтты бірінші раундта нокатқа түсірді. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте бес жеңіске қол жеткізді. Жекпе-жектердің бәрін Дычко уақытынан бұрын аяқтаған. 


Жаңалықтар
0