Өңірлер

Астанада ертең ауа райы күрт бұзылады

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ, Ақмола облысында да дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. 25 наурызда елордада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

"25 наурызда күндіз Астанада қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, бұрқасын жүруі мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", —деп жазылған "Қазгидромет" таратқан ақпаратта. 

Дабылды ескерту, сондай-ақ, Ақмола облысында жарияланды. 

Синоптиктердің мәліметінше, 25 наурызда облыс аумағында қатты жауын-шашын жауады деп болжанып отыр. Тәулік бойы жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетпек.


Жаңалықтар
0