АСТАНА, 24 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Күннің күрт жылынуынан ондаған үй мен ауланы су басты.
Құтқарушылар жергілікті тұрғындарды су басқан жерден көшірді, олар қазір ауылдағы мектеп пен туыстарының үйінде тұрып жатыр.
Төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес коммуналдық және өрт қызметтері, сондай-ақ құтқарушылар Прогресс, Глубокое, Тарханка, Белоусовка ауылдарында суды сорып алып жатыр.
Жалпы, облыста 100-ден астам аула мен 49 үйді тасқын су басып қалғаны хабарланды.