АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мексикадағы Мичоакан штатында полиция көлік ішінен сегіз адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды РИА Новости.
Excelsior порталының хабарлауынша, мәйіттер Эль-Мансанильяль елді мекенінде табылды. Оларды біреулер азаптаған және оқ атқан.
Қаскөйлер көліктің сыртына түрлі жазулар қалдырған. Әдетте өзара бәсекелес есірткі сатушылар осылай бір-бірін қорқытып, қоқан-лоқы көрсетеді.
Мичоакан – Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа есірткі таситын басты штаттардың бірі. Бұл аймақ екі қылмыстық топтың бақылауында. Олардың арасында қиян-кескі қырқыс жүріп жатыр.