АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Полиция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы департаменті қызметкерінен марихуана тапты.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 наурызда Алматы әуежайында Ғабит Нұрахановтан темекі қорабы табылды. Темекі қорабының ішінде бір ғана марихуана шылымы болған.
Нұраханов Мемлекеттік қызметкерлер мен қызмет тәртібінің этикалық кодексі нормасын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.
Қазір агенттік осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.