АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Танымал адвокат Серік Сәрсенов ұзаққа созылған науқасынан қайтыс болды, деп хабарлады Алматы адвокаттар коллегиясының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Серік Сәрсенов бүгін өмірден өзді, ұзақ уақыттан бері сырқаттанып жатқан болатын. Ертең сағат 11-де жерлеу рәсімі болады", — деді сұхбат беруші телефон арқылы.
Сәрсенов бұрын сотта қазақстандық шекарашы Владислав Челахтың мүддесін қорғаған болатын. 2012 жылы желтоқсанда Челах "Арқанкерген" бекетінде 14 шекарашы мен жергілікті орманшыны өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Ол өмір бойына сотталып, Жітіқара қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.