Оқиға

Оқушы қыз мектепке қару әкеліп, сыныптастарына оқ жаудырды

Жазылу
Мектеп оқушысы пневматикалық тапанша алып келіп, сыныптастарын ата бастаған

АСТАНА, 22 наурыз — Sputnik. Ресейдің Курган облысы Шадринск қаласының мектеп оқушысы пневматикалық тапаншамен сыныптастарына оқ жаудырған, жеті бала зардап шекті.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мұғалімдерге мектепте қару ұстауға рұқсат етілді

Оқиғаға 13 жастағы екі қыз қатысқан: бірі мектепке пневматикалық қару әкеліп, мұғалімді алдандырса, екіншісі қаруды алып, сыныптастарына оқ жаудыра бастапты. Салдарынан жеті бала жарақат алды.

"Жетінші сыныпта оқитын қыздардың бірі әкесінің пневматикалық қаруын мектепке алып келіпті. Сабақта мұғалімді алдаусыратып, онымен бірге сыныптан шығып кеткен. Сол кезде екінші оқушы сыныптастарына бірнеше рет оқ атқан. Оқ бір ер баланың басына тиіп, ауруханаға жеткізілді, тағы алты оқушы жеңіл-желпі жарақат алды", — деп хабарлады қалалық администрацияның баспасөз қызметі басшысы Тамара Петкова РИА Новости агенттігіне.

Ауруханаға жеткізілген балаға дәрігерлер жәрдем көрсетіп, үйіне қайтарыпты.

Бастапқы мәлімет бойынша, оқ жаудырған қыз сыныптас ер баламен ренжісіп қалған көрінеді.

Жаңалықтар
0