Қоғам

Астанада Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтеді

© Photo : azh.kz / Айнур СапароваМұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақынның шығармашылық кеші Наурыз мейрамына орай өтеді

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Астанада Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Мұхтар Шахановтың "Наурыз парасаты" атты шығармашылық кеші өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Мұхтар Шахановтың "Наурыз парасаты" атты шығармашылық кеші өтеді.

Ақынның рухты, айбынды және мағыналы өлеңдері оқылатын бұл тамаша кешке қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, парламент депуттары, сонымен қатар, сүйіп оқитын ақынымен жақын жүздесуге келген жас буын өкілдері қатысады.

Іс-шараның құрметті қонағы Моңғолия Халық Республикасының алғашқы ғарышкері, Мұхтар Шахановтың көп жылдан бергі пікірлес досы Жугдэрэмидийн Гуррагча болады.

Ақынның кеші 23 наурызда сағат 18:00-де Астанада "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді. 


Жаңалықтар
0