"Біздің аңыз адам. Тұңғыш паралимпиада чемпионы, қаһарманымыз, жасасын, Александр!", — деді Мұхамедиұлы Колядинді әуежайда қарсы алғанда.
Жұмыс уақытына қарамастан әуежайға жанкүйерлер, спортшылардың туған-туыстары мен БАҚ өкілдері жиналған. Жанкүйерлер ұрандатып, спортшыларды құттықтап, гүл сыйлады, тіпті сэлфиге түсіп жатқандар да болды.