Әлем

Жүргізушісі жоқ Uber көлігі адамды қағып өлтірді

© AFP 2024 / Angelo MerendinoUber
Uber - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компания қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар жүргізушісі жоқ көліктер сынағын уақытша тоқтатқан

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. АҚШ-тың Аризона штатында жүргізушісі жоқ Uber көлігі алғаш рет кісіні қағып өлтірді, деп хабарлайды CNBC.

Яндекс.Такси - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Яндекс.Такси мына тұрған жер үшін 9000 теңге сұраған

Оқиға 19 наурызда таңертең болыпты.

Полиция хабарлағандай, велосипед мінген 49 жастағы әйел тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатқанда көлік астына түскен.

Көлік автопилот режимінде кетіп бара жатқанымен, жүргізуші орнында жолаушы отырыпты. 

"Біз полиция жұмысына толыққанды ықпалдастық етіп отырмыз. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Жүргізушісі жоқ көліктер сынағы тоқтатылды", — деп пікір білдірді Uber.


Жаңалықтар
0