Қоғам

Тұрсын Алагөзов: пәтер алуға болады, бірақ ар-ұятты сатып ала алмайсың

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алагөзов ұлына оны кез келген жағдайда қолдайтынын айтып, өз қылығын бір кезде түсінетініне үміт етті.

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Танымал қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов ұлының арызына жауап берді. Кіші Алагөзов пәтерінен әкесімен бірге онда тұрып жатқандардың бәрін шығару үшін сотқа шағым түсірген.

Жас жігіт терезенің алдында отыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін үйден қуып шықпақшы

"Саған еш ренішім жоқ, Арсен. Осыны білсең болды, басқаша ойлап қалмасын деймін. Күндердің күнінде өз қылығыңды түсінесің деп үміттенемін, сол кезде қалай уайымдап қиналсаң да, мен сені бәрі бір жақсы көретін боламын, қандай жағдайға тап болсаң да, көмектесемін.  Себебі бұл жай ғана пәтер ғой, сатып алуға немесе айырбастауға болады, ал ар-ұятты олай істей алмайсың. Осыны біліп, жадыңда сақтағаныңды қалаймын", — деп жазды Тұрсын Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Алагөзовтың ұлы Арсен 19 наурызда Бостандық ауданы сотына арыз түсірген. Шағым бойынша азаматтық іс қозғалыпты. Сот талқылауы 29 наурызда өтеді.

Тұрсынғали Алагөзов танымал продюсер Баян Мақсатқызына былтыр 7 желтоқсанда үйленді.

Жаңалықтар
0