Өңірлер

Семейде ер адам жоғалып кетті

CC0 / / Ер адам жолда кетіп бара жатыр
Ер адам жолда кетіп бара жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
51 жастағы Айдын Айтқожин кеше таңертең жұмыстан шыққан, қазір қайда екені белгісіз

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Семейде инсульттен кейін ара-тұра есін жоғалтатын 51 жастағы ер адам жоғалып кетті. Айдын Айтқожин кеше таңғы тоғыздар шамасында жұмысынан шығып, сол күйі үйіне оралмаған, деп жазады Устинка LIVE

Терезенің жанында тұрған әйелдің сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауруханаға кеткен Алматы облысының тұрғыны із-түзсіз жоғалды
Жоғалған ер адамның қызының айтуынша, ол қалада бұған дейін де адасып кеткен, алайда бір-екі сағаттан кейін табылыпты. 

"Әкем Сорокин 7 көшесіндегі қалалық мұз айдынында күзетші болып істейді. Кеше таңертең ауысымнан кейін үйге оралмады. Алдымен өзіміз іздедік, кейін полицияға өтініш жаздық", — дейді қызы Назерке. 

Айдын Айтқожиннің үстінде қара күрең пальто, қара қысқы кепка мен аяғында галошы бар пима болған. 

Жоғалған ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: 8-747-546-07-15 немесе 102.

Жаңалықтар
0