Қоғам

10 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің бағдарламасына қатысты

Жазылу
Танымал ресейлік сықақшы әрі тележүргізуші Максим Галкин кішкентай қызға тамаша сыйлық жасады

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Алматылық цирк әртісі Карина Махпирова "Первый канал" арнасында Максим Галкин жүргізетін "Лучше всех" бағдарламасының көрермендерін өнерімен таңғалдырды.

"Моноциклмен жүреді, шығыршықтарды айналдырады, жонглер жасайды – осының бәрін бір дегенде істей алады! Ол бұл өмірде ең бастысы – тепе-теңдік деп біледі", — жүргізуші Қазақстаннан келген жас әртісті таныстырды.

Бағдарлама барысында анықталғандай, Каринаның отбасында цирк әртістері жоқ, ол бұл шешімді өзі қабылдап, алға қойған мақсаттарына жетіп келеді.

Карина айтқандай, арманы жаңа моноцикл екен, бағдарлама соңында кішкентай қызға аңсаған сыйлығын Максим Галкиннің өзі табыстады.


Жаңалықтар
0