Балқаш – еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі әрі дамыған өндірістік қала.
Балқаш кен орындарынан Менделеев кестесіндегі біршама элемент алынады: мыс, мырыш, алтын, күміс және тағы басқалары.
Қалада көптеген археологиялық және архитектуралық ескерткіш бар: тасқа қашалған петроглифтерден бастап "Осы жерде Балқаш қаласы басталды" атты монументіне дейін.
Бүгінгі фотолентамызда қаланың 1960 жылдардың соңы 70 жылдардың басындағы архив суреттері ұсынылған.

"Альбатрос" клубының қайықшылары Балқаш көліндегі жарысқа дайындалып жатыр, 1968 жыл.

Балқаш қаласы, 1971 жыл

Балқаш көлінің солтүстік жағалауында қос өркешті түйе мен қой-ешкі жайылып жүр, 1971 жыл.

Балқаш көлінің толқындары, 1971 жыл.

Қазақ КСР. Балқаш көлінің жағасындағы "Зеленый мыс" демалыс үйі, 1973 жыл.

Жас жұбайлар мәңгілік алау қасында, Балқаш қаласы, 1973 жыл.

Металлургтер сарайы. Балқаш қаласы, 1973 жыл.

Балқаш қаласының сауда орталығы, 1973 жыл.

Балқаш қаласының көшесі, 1973 жыл.

Балқаш көлін қоршап жатқан шөлді далада өсетін өсімдік.

Балқаш көліндегі бірқазандар.
