Видео

Алтынмен апталып, гауһар таспен көмкерілген сусын ішіп көрдіңіз бе?

Жазылу
Алтын шоколад және жеуге болатын гауһар тастармен көмкерілген коктейльдің бағасы Лондон барларының бірінде 100 фунт стерлинг тұрады

Айрықша коктейльді Челсиде орналасқан The Bletchley bar барынан таба аласыз. Ойын-сауық орнының ішкі интерьері Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытын еске салады.

"Король Георг VI" атты сусынның негізі – үш түрлі ликермен араластырылған джин. Сонымен қатар, лимон фреші, Биттер Лемон, жидектер, гибискус пен апельсин қабығы қосылады. 

Құрғақ мұзбен салқындатылған коктейльдің үстінен маскарпоне көбігімен толтырып, алтын шоколад және жеуге жарамды гауһар тастармен безендіреді, карамель де қосады. Ерекше сусынды дайындауға жарты сағаттан астам уақыт кетеді екен.


Жаңалықтар
0