АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Флорида штатының Майами қаласында көпір құлап, төрт адам қаза тапты, тағы 9 адам зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости Майами-Дэйд құтқару қызметінің басшысы Дэйв Дауниге сілтеме жасап.
"Үйінді астында тірі қалған ешкім жоқ екеніне көзіміз жеткенше, жұмысымызды жалғастыра береміз", — деді Дауни баспасөз мәслихатында.
Құтқарушылар иттермен бірге үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр.
Жергілікті арна хабарлағандай, көпір салынып бітпепті. Салмағы 950 тонна бөлікті тіректің үстіне жақында ғана орнатқан – 10 наурызда.