Өңірлер

Алматы облысында өгей қызын тістеп тастаған ер адамның соты басталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Үш жасар өгей қызын тістеп тастаған ер адамның ісі бойынша басты сот талқылауы Қаскелеңде басталды.

Тұтқындалған күдікті,  архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында қызын тістеп тастаған ер адам ұсталды

Сот тыңдауы Қарасай аудандық соты ғимаратында жабық режимде өтіп жатыр. Алматы облысы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған №2 ауданаралық сотының судьясы Берік Күзембай отырысқа төрағалық етуде.

Сотталушы – Ринат Қонқабаев ҚР ҚК 106-бабы 2-тармағы 3-ші және 11-тармақшасы бойынша айыпталған.

Естеріңізге сала кетсек, биыл қаңтар айында әлеуметтік желіде 31 жастағы өгей әкесі тістеп тастаған үш жасар қыздың суреттері жарияланған болатын. Суреттерді таратқан әйелдің сөзіне сүйенсек, ер адам өгей қызының мұрнын қыршып тістеп алған. Жәбірленген бала 20 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болды.

Жаңалықтар
0