Қоғам

Білім министрлігі жатақханалардың жағдайы төмен екенін мойындады

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуЖатақхана
Жатақхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жатақханалардың ахуалына ЖОО жауапты екенін атап өтті

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі еліміздегі жатақханалардың жағдайы неліктен төмен екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Студенттер жатақханасының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елбасы 2022 жылға дейін жатақхана тапшылығын жоюды тапсырды

Білім вице-министрі Бибігүл Асылованың сөзіне сүйенсек, әр ЖОО нысандарын жөндеуден өткізіп, жаңартып отыру мәселесін өзі шешуі тиіс. 

"Алматының СЭС-на арыздар түсіп жатыр. ЖОО-ның өз қаржы мүмкіндігіне қарамастан осы жағдай туындады. Неге? Өйткені мемлекет студент үшін төлейді, ақылы бөлімде оқитын студенттер алған білімі үшін өздері төлейді, ол қаражат ЖОО-да жинақталады, ал ЖОО жеке субъект ретінде барлық мәселені шешуі тиіс", —деп жауап берді вице-министр үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, шенеуніктердің айтуынша, проблеманың түп-тамыры жатақханалардағы орын жетіспеушілігі болып отыр. Бұл проблеманы шешкен соң, жатақханалардағы ахуал бірден жақсаратын болады.

Бұдан бұрын Бибігүл Асылова қазақстандық студенттердің 40%-ына жатақханадан орын жетпейді деп хабарлаған болатын.

Жаңалықтар
0