Спорт

Альварес қайта допинг-тест тапсырды: нәтижесі қандай?

© AP Photo / Damian DovarganesСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
17 және 20 ақпанда "Канелоның" екі сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған болатын

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес кезекті тестен өтті, деп хабарлайды Sports.kz

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Сен өтірікшісің". Альварес GGG-дің командасымен сөзге келіп қалды
Айта кетейік, 17 және 20 ақпанда "Канелоның" екі сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған болатын. Осыдан кейін Альварес Мексикада жүргенде 3 және 5 наурыз күндері қосымша тестер тапсырған, екеуінен де допинг табылмаған.   

 Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, 9 наурызда АҚШ-та мексикалықтан кезекті рет сынама алынған. Одан да қандай да бір тыйым салынған зат табылмапты.  

Альварес 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкинге қарсы реваншқа дайындалып жатыр.   

"Тестердің оң нәтиже көрсетуі кездейсоқ екеніне 100% сенімдімін, жекпе-жек өтеді", — деп атап өтті Гомес.  


Жаңалықтар
0