АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Әйел адам мен сәби қаза тапқан жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жол апаты 13 наурызда кешке болған. Audi 100 көлігі жолда тұрған жүк көлігіне бар жылдамдықпен келіп соғылды. Жүргізуші әйел мен үш жастағы қызы оқиға орнында жан тапсырған. Жол жөндеп жүрген жұмысшы ауыр хәлде ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер оның өмірін арашалай алмады.
"Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы жол апатына байланысты тергеу амалдарын бастады", — деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.