АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматының "Пинта" барындағы төбелестің видеосы жарияланды. Болжам бойынша, жаппай төбелес ойын-сауық орнына келушілер мен даяшылар арасында болған.
Видеода көрінетіндей, бір топ жігіт арасында жанжал басталып кетеді, кейінірек оған оларға даяшылар араласады. Тіпті бір-біріне орындық лақтырған.
Қалалық ішкі істер департаменті хабарлағандай, аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, содан соң процестік келісім жасалады. Оқиғаның мән-жайы анықталмақ.
Айта кетсек, төбелес барысында ешкім зардап шеккен жоқ.