Өңірлер

Ақтөбеде қыздары мектепте орамал тағатын ата-аналарға айыппұл салына бастады

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуХиджабтағы мектеп оқушысының архивтегі фотосы
Хиджабтағы мектеп оқушысының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Әкімшілік кодексінің 409-бабы 2-тармағы негізінде 18 ата-анаға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында 88 білім ошағында мектептің киім үлгісін сақтамайтын 340 оқушы анықталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтты.

Орамал тағу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қожамжаров: мемлекеттік қызметте орамал тағу қарастырылмаған
"Осы жылдың басындағы мониторинг барысында облыстың 88 мектебінде мектептің киім үлгісін сақтамайтын 340 оқушы анықталды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 13 наурызда мектепке жоғарыда аталғандардың қатарындағы 268 оқушы мектептік киім үлгісімен келе бастады, 32-сі басқа өңірге көшіп кетті. 72 ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", — деді Оразбаева. 

Мектептің киім үлгісін сақтамайтын оқушылардың ата-аналары білім ұйымдарының басшыларын сотқа берген. Ақтөбе қаласының соты Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарының мектептеріне және Ақтөбе қаласының №№ 8, 13, 23, 36, 40, 48, 49, 60, 62 мектептеріне қатысты ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырмады. Хромтау ауданы ата-аналарының талап-арызы сотта қаралуда. 

Бұл мәселе Ақтөбе облысының Білім сапасын бақылау департаментінің бақылауында. 

"Ақтөбе облысының білім сапасын бақылау департаменті ҚР Әкімшілік кодексінің 409-бабы 2-тармағы негізінде 18 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Тағы да 4 әкімшілік іс қаралуда", — деді Ақтөбе облыстық  білім сапасын бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы Жанат Мұхамбеталина.

Жаңалықтар
0