Өңірлер

ОҚО-да жасөспірім әкесінің мәйітін шұңқырға тастап кеткен

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуДаланың архивтегі фотосы
Даланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер денені бір аптадан кейін тапқан, қылмыскер 7 жылға сотталды

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған бала әкесін ұрып өлтіріп, мәйітті қала сыртындағы шұңқырға апарып тастаған. Ол осы әрекеті үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады TVK арнасы. 

Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында Өзбекстан азаматы туған ағасын өлтірді
Шешім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта шығарылды. Судья сотталушының 18 жасқа толмағанын және істеген қылмысы үшін қатты өкінетінін ескеріп, жеңілдетілген жаза тағайындады. Сот Орман Бағдаулет әкесін абайсызда өлтіргенін негізсіз деп тапты.

"Орман Бағдәулет Бақытұлы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған осы бап негізінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін. Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын", — деді ОҚО қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жәнібек Сейітжаппаров.

Қанды оқиға Қазығұрт ауданында болған. Өткен жылдың 19 қарашасы күні Орман Бағдаулет әкесінің кепілдегі көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, соғып алған. Бұған ашынған әкесі мас күйінде баласына қол көтерген. Жасөспірім әкесінің әлімжеттігіне шыдай алмай, темір затпен басынан ұрып өлтірген. Мұнан соң мәйітті өзге көліктің жүксалғышына салып, қала сыртындағы шұңқырға апарып тастаған. Полицейлер денені бір аптадан кейін тапқан. 


Жаңалықтар
0