Қоғам

Министр қосымша гранттар туралы ақпарат қашан шығатынын айтты

© Photo : Официальный аккаунт Назарбаев Университета в FacebookТалапкерлер
Талапкерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
11 мың грант техникалық мамандықтарға бөлінбек

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қосымша гранттар саны туралы ақпарат бір айдан кейін жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ресейдің білім министрі қазақстандықтарды ЖОО-да тегін білім алуға шақырды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастамасын жариялаған кезде, жастарға қамқорлық ретінде қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырған болатын. 

Сағадиев өз басшылық ететін министрліктің Елбасының міндеттерін орындауды бастап кеткенін айтты. 

"Жол картасына сәйкес, министрлік қосымша оқу гранттарына қатысы ұсыныстарын қаулы жобасы түрінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жоғары оқу орындарына жолдады. Қазіргі таңда министрлік олардан тиісті жауап күтіп отыр. Сол жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа мамандықтарға, үш мың грант магистратураға және бір мың грант PhD бағыттарға бөлінеді", —деді министр.

Сонымен қатар Сағадиев  ҰБТ-ға өте аз уақыт қалғанын, ал халық ведомстводан қандай мамандыққа қанша грант бөлінгені туралы ақпарат күтетінін айтты. 

"Біздің ойымызша, осы гранттардың санын жобалық болжам ретінде барлық министрлікпен келісіп, бір айдың ішінде жариялау керек. Халық оны күтіп отыр. Сосын бюджет заңнамасына, нормативтік актілерге тиісті өзгерістер енгізу қажет", — деді министрлік басшысы.

Жаңалықтар
0