Тергеу органдары РФ ҚК 105-бабы 1-тармағы, 30-бабы 3-тармағы бойынша (адамға қастандық жасау) қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 2018 жылы 8 ақпанда күндіз Восстание көшесіндегі 1-ші үй маңында 21 жастағы жігіт 1999 жылы туған таныс бойжеткеннің мойын тұсына пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, көрсетілген медициналық жәрдемнен кейін әлі есін жинаған жоқ", — деп мәлімет берді ТК.
Анықталғандай, қылмысты Қазақстан Республикасында 1996 жылы 2 желтоқсанда туған Махметов Александр Юрьевич жасаған.
Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған қылмыскер іздестіріліп жатыр.