Өңірлер

Ақтөбе әкімдігі жанындағы суицид: құқық қорғаушы оқиғаға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғаушының сөзіне сүйенсек, өз-өзіне қол салған полицейдің ісінде сәйкессіздік бар

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Құқыққорғаушы Сәлім Өтен Ақтөбе әкімдігі алдында өзіне қол салған Байбек Қарымсақовтың өлімі туралы істің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды 31 арна.

жедел жәрдем, архив - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбе әкімдігінің жанында күзетші өзін-өзі өлтірді

8 қаңтарда сағат 17.30–да 34 жастағы полиция қызметкері Байбек Қарымсақов Ақтөбе әкімдігі ғимаратын күзету барысында өз-өзіне қол салды. Ер адамның денесі жұмыс күні аяқталған соң табылған.

Құқыққорғаушы Сәлім Өтен Ақтөбеге арнайы барып, адвокат жалдап, қайғылы оқиға болған жерді өзі тексерді. Оның көкейінде оқтың ұшу траекториясына қатысты сұрақтар туындаған. Айта кету керек, оқиға орнында оқ табылмаған болатын. Өтеннің айтуынша, полицейді абайсызда атып алған болуы да мүмкін. 

"Қанның ізі жоқ. Денесі үстелде жатты деген болатын. Бірақ үстел жоқ. Еденде де қан ізі болуы тиіс еді. Егер оқ тесіп шықса, қан шашырайды ғой", — дейді Өтен.

Бұдан бұрын марқұмның әйелі күйеуінің суицид жасағанына сенбейтінін айтқан болатын. Оның ойынша, күйеуін өзін-өзі өлтіруге біреу жеткізген немесе атып кеткен.

Жаңалықтар
0