Өңірлер

Еліміздің алты облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Елена БережнаяСу басу
Су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері бірқатар облыста ауа райы жауын-шашынды, қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" РМК алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қыс мезгілі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер: бірнеше облыста күн суытады

13 наурызда Қызылорда облысы мен Қарағанды облысының оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), жоғары ауа температурасынан қар еріп, жазық жерлерде еріген қар суы жиналуы мүмкін. 

13-15 наурыз күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады. Қатты жауын-шашын әсерінен мұз еріп, таулы және жазық аудандар еріген қар суына толады, су деңгейі көтеріліп, алқапқа жайылуы ықтимал. 

Ал 14-15 наурызда Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы жауын-шашынды күтіледі (қар, жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде күннің жылы болуынан қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, тасиды.

Жаңалықтар
0