Оқиға

Қаңғыған иттер ер адамды талап өлтірді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуқаңғыған ит
қаңғыған ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иттер талаған тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Ресейде Мәскеу облысындағы Истра ауданында қаңғыған иттер ер адамды талап өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ иттер талап тастаған тағы бір әйел ауруханаға түскен. 

Қаңғыған ит - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырау облысында қаңғыған иттер баланы талады

"Истра қаласы бойынша тергеу бөлімі денесінде ит тісінің ізі бар ер адамның табылуына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жергілікті ауруханаға иттер талаған әйел жеткізілген. Екі тұрғынға қаңғыған иттер шабуыл жасауы мүмкін", — деп жазылған хабарламада. 

Иттер талап өлтірген ер адамның мәйіті 11 наурызда Истра ауданына қарасты Курсаково елді мекенінен табылған. 

Қазіргі уақытта жануарларды аулау қызметінің мамандарымен бірге тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 


Жаңалықтар
0