АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Көкшетауда гаражда тұрған көліктің ішінде екі адам иіс тиіп қаза болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарынан.
Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, Көкшетауда металл гараждардың бірінде тұрған көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылған.
Полиция олардың кім екенін анықтады, 32 жастағы ер адам мен 24 жастағы қыз автокөліктен шығатын газға уланып өлген.
Бұл факті бойынша құзырлы органдар сот-медициналық сараптама өткізіп жатыр.