Өңірлер

Қазгидромет: еліміздің төрт облысы мен Алматыда су басу қаупі бар

© Photo : Алексей Мальгавкосу басу
су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" ескерткендей, Жамбыл облысында қатты жел соғады. Дауыл ықтималдығы 90%

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қар еруіне байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 наурызда ауа температурасының күндіз жылынуына байланысты және Шығыс Қазақстанның аласа таулы аймақтарында жауын-шашын түсуіне орай ағын су пайда болуы мүмкін.

"11-12 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы қаласының аласа таулы аймақтарындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су басу қаупі туындап, таудан және жергілікті өңірде ағын су жинақталуы мүмкін", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 10-11 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, 10 наурызда күндіз, 11 наурызда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады.   

Дауыл ықтималдығы 90%.

Жаңалықтар
0