Спорт

Зілбалға ұстаған боксшы қыз Назым Қызайбай жұртты таңғалдырды

© SputnikНазым Қызайбай
Назым Қызайбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чемпион қыз Назым Қызайбай зілбалғамен соққанда, тепсе темір үзер жігіттерден кем түспейді

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстандық чемпион қыз Назым Қызайбайдың жаттығуы әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Видеоны Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали жариялапты.

Кадрлардан көретініміздей, боксшы қыз өзінің спорт түріне лайықты жаттығу жасап жатыр — темір зілбалғамен автокөлік дөңгелегін соғу. Оның бұл жаттығуды тез әрі қарқынмен орындауы әлеуметтік желі қолданушыларын таң тамаша етті: бір қарағанда тал шыбықтай нәзік қыз жиырма бес секундта 14 соққы жасаған.

"Назым кеше Щучинскіде, Бурабайда өткен ТМД Ашық кубогін ұтып алды! Құтты болсын! Турнир жыл сайын өткізілетін болады және басты мақсаты — Щучинск-Бурабай демалыс орнына туристер тарту", — деп жазды Иғали.

Назым Қызайбай — қазақстандық боксшы, Қазақстанның төрт дүркін, әлемнің екі дүркін чемпионы.

Жаңалықтар
0