АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Америкалық Forbes журналының 2018 жылғы әлемдегі ең бай адамдар тізіміне бес қазақстандық енді, деп хабарлады centralasian.org.
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, "KAZENERGY" мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық ассоциациясы жетекшісі қызметтерін атқарады, сонымен бірге ол ресейлік "Газпром" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі әрі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясы мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын басқарады. Жұрт көзіне көп түспейтін Динара Құлыбаева президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қорына жетекшілік етеді.
Forbes журналының бағалауынша, миллиардер саны (585) бойынша АҚШ бірінші орында. Екінші орында – Қытай (Гонконг, Макао және Тайваньмен қоса — 476 адам). Биылғы жылы әлемдік қаржы алпауыттары тізіміне алғаш рет Венгрия мен Зимбабвенің байлары да енген.