Әлем

Күйеуге қалай тез шығуға болады?

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Неке сақинасы, архивтегі фото
Неке сақинасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар нәзік жандарды не нәрсе ұқыпты әрі биязы ететінін анықтады

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Ғалымдар шегіргүл (фиалка) әйелдерге күйеуге шығуға "көмектесетінін" дәлелдеп шықты, деп жазды Sputnik Беларусь VistaNews басылымына сілтеме жасап.

Күнбағыс майы. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар күнбағыс майына қатысты тосын мәлімдеме жасады
Украиналық сарапшылар әйелдер арасында сауалнама жүргізіп, үйінде шегіргүл өсіретін қыз-келіншектердің басым көпшілігі тұрмыс құрғанын анықтады.  

"Осы гүлдің арқасында әйелдердің ағзасында окситоцин  бөлінеді. Бұл гормон нәзік жандарға ұқыпты, биязы әрі адал болуға "көмектеседі", бар мәселе осында, өйткені ер азаматтар болашақ жарының бойынан осы қасиеттерді көргісі келеді", — деп қорытынды жасады зерттеушілер. 

Ғалымдар шегіргүлге ерекше күтім қажет екенін атап өтті. Оған су құю режимін сақтап, бөлмедегі ылғалдылық пен температураны (кем дегенде 22 градус жылы) қадағалап отыру керек. Психологтар мұндай гүлдерге ерінбей күтім жасай алатын әйелдер міндетті түрде ер азаматтардың жүрегіне жол табады деп есептейді.   


Жаңалықтар
0