Қоғам

"Ең асыл адам – Нұрсұлтан Назарбаев". Балабақшадағы қызықты жайт

© PhotoБалабақша
Балабақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
8 наурыз мерекесіне орай балабақшада өткен ертеңгілікте жүргізушінің қойған сұрағына берілген жауап жұртты ду күлдірді

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазақстанның "Спарта-Астана" КВН командасының каптианы Данияр Жұмаділов балабақшада ертеңгілікте түсірілген видеоны жариялады.

Бейнежазбада Халықаралық әйелдер күніне арналған шараның жүргізушісі балалардан "жүректеріңе ең жақын жан, асыл адам кім?" деп сұрайды. Балалардың бірі ойланбастан "Нұрсұлтан Назарбаев" деп жауап береді. Сөйтіп, жиналғандардың бәрін ду күлдірді.

 

 

Оқиғаның қай қалада болғаны белгісіз. Баланың жауабы алдын-ала дайындалған ба – ол жағы да беймәлім.

Жаңалықтар
0