АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Ресей құқық қорғау органдары "Екатеринбург – Пхукет" бағдарлы ұшағында мас күйінде жанжал шығарған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Ресей тергеу комитеті Уральск көліктегі тергеу басқармасы сейсенбі күні.
"Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Уральск көліктегі тергеу басқармасының тергеу органдары ұшақта қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған РФ ҚК 213-бабы 1-тармағында қарастырылған қылмыс жасады деген күдік келтірілді (ұшақтағы қоғамдық тәртіпті бұзу, қоршаған ортаға дөрекілік таныту, бұзақылық)", — делінген хабарламада.
Бұл бап бойынша бес жылға сотталуы мүмкін.