АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Португалиялық бапкер Жозе Моуринью футболдан әлем чемпионаты кезінде Russia Today арнасында сарапшы болып істейді.
"RT командасының бір мүшесі болатыныма қуаныштымын. Биыл Ресейде болатын әлем чемпионатын асыға күтіп жүрмін, матчтардың қалай өтіп жатқаны туралы ойыммен бөлісетін боламын", — деді "Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері.
Жозе Моуринью – ФИФА (2010) және Globe Soccer Awards (2012) бойынша "жыл бапкері". Әр жылдары әлемнің ең мықты клубтық бапкері атағын иеленген.