Спорт

Мұхамедиұлы ұлттық құраманың Олимпиададағы сәтсіздігіне қатысты сынға жауап берді

© AP Photo / Gregory BullМаржан Ақжігіт
Маржан Ақжігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазақстандықтар ұлттық құраманың Пхенчхандағы Олимпиадада "жеткен жетістігі қайда?" деп сұрайды

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиада-2018 кезіндегі Қазақстан құрамасының сәтсіздігіне қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мұхамедиұлы: "Самұрық-Қазынаның" спортты қаржыландыруы көптеген сауал туғызады

Министр еске салып өткендей, Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама "міндетті түрде жеңіске жетеді" деп айтқан болатын, ал енді отандастарымыз "жеткен жетістігіміз қайда?" деп сұрақтың астына алатын көрінеді.

"Бірінші басшы ретінде менің міндетім: жұрттың назарын аудару еді. Қазақстандықтардың бәрі елең етіп, қысқы Олимпиаданы ерекше ықыласпен, үмітпен көрсін деген мақсатта солай айттым", — деді ведомство басшысы.

Мұхамедиұлы атап өткендей, Қазақстан 57 лицензия ұтып алып, 46 спортшымыз әлемдік додаға қатысты, бүкіл дүниежүзі біздің құраманы көріп, еліміз үшін жақсы жарнама болды.

Қазақстан олимпиадалық құрамасы қысқы Олимпиада-2018 жалпы есебінде 28-орынды иеленді. Ел қоржынында бір ғана қола медаль бар: фристайлшы Юлия Галышева могулдан 3-орын алған болатын.

Жаңалықтар
0