Қоғам

Астанада мектеп автобустары оқушыларды тасымалдай бастады

© Sputnik / Александр Алпаткин / Медиабанкке өтуМектеп автобусы
Мектеп автобусы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорданың екі мектебінің оқушылары мектеп автобусымен қатынай алады

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. "Астана LRT" елордалық көлік компаниясы мектеп автобустарының жүре бастағанын хабарлап, тасымалдау бағасын көпшілікке жария етті.

"Мектеп bus" жобасы 5 наурызда №1 автопаркпен бірге қанатқақты режимде басталды.

Мектеп автобустары қандай қызмет көрсетеді:

 

  • жиналу пунктінен оқушыларды алып кету (тұрғылықты мекенжайына ең жақын жер);
  • баланың қасындағы адам оны отырғызып, қауіпсіздік белдігін тағуға көмектеседі;
  • балаларды мектепке барынша жақын жерге жеткізіп салып, қайтарда да жинау пунктіне апарып салу;
  • AstraBus арқылы автобустың қайда екенін қадағалап отыруға болады.

 

"Мектеп оқушыларын жаңа әрі жайлы автобустар тасымалдайды, барлық қауіпсіздік талаптарына жауап береді. Iveco Daily 17 жолаушыға, Iveco Crossway 58 жолаушыға есептелген", — деп хабарлайды Астана LRT компаниясы Facebook парақшасында. 

Бір баланы мектеп автобусымен тасымалдау айына 5 күндік оқу аптасы 20 мың теңге тұрады және алты күндік оқу аптасы үшін 23 500 теңге тұрады.

Жаңалықтар
0