Экономика

Қазақстанда шағын несие сомасы ұлғайтылады

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңгелік банкнота
500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев биыл қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиенің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды

АСТАНА,  5 наурыз – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие сомасын ұлғайтпақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында бес әлеуметтік бастама ұсынды. Соның төртіншісі шағын несиелеуді кеңейтуге қатысты. 

Студенттер жатақханасының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елбасы 2022 жылға дейін жатақхана тапшылығын жоюды тапсырды
"Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыз халық арасында жеңілдетілген шағын несие ұсыну ең тиімді тетік болады. 2017 жылы 32 миллиард теңгеге небәрі 7200 микрокредит бөлінді. Алайда "Бастау бизнес" арқылы оқыған бес мың адам өз ісін ашуға кредит ала алмаған. Сондықтан биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие сомасын былтырғымен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көбейтуді тапсырамын. Сонда оның жалпы сомасы жылына 62 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан екі есеге артып, 14 мыңға жетеді", — деді президент. 

Назарбаев соңғы жылдар ішінде шағын несиенің пайдасы көп болғанын атап өтті. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
2019 жылы 2 миллионнан астам адамның жалақысы өседі – Назарбаев
"Әсіресе ауылдағы ағайындарға, әр отбасыға, әсіресе әйел адамдардың қолына беретін болсақ, биыл берген несие ендігі жылы қайтып келіп отырады. Мыңдаған адам жұмыс алады. "Атамекен" ҰКП жақсы жұмыс істеді, халыққа бизнес негіздерін, қалай жұмыс істеу керектігін үйретті. Енді іс бастау үшін қолдарында біраз қаражат болуы керек. Осыған байланысты шағын несиені беретін болсақ, біз айтып жүрген өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер жұмыс алуға мүмкіндік алады. Әрі қарай бұл мәселені дамыта беру керек деп есептеймін", — деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0