Экономика

Елімізде шілдеден бастап көлікке жаңа паспорт беріледі

© Sputnik / Александр Подгорчук / Медиабанкке өтуАдам автокөлікті суретке түсіріп тұр
Адам автокөлікті суретке түсіріп тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Паспорт ЕАЭО елдері үшін бірдей болады, көлік сатып алатын кез келген адам оның тарихымен арнайы портал арқылы таныса алады

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда автокөлік құралдарының электронды паспорты жұмыс істей бастайды.  

"Электронды паспорт арқылы автокөлік "өмірінің" толық тарихы, оның ішінде шектеулер мен қиындықтар, техникалық қызмет көрсету сапасы мен көлемі, көлік құралдарының жол апатына түскені жайлы ақпарат алуға болады", — деп хабарлады Қазақстан автомобиль бизнесі ассоциациясының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.  

 2018 жылдың 1 шілдесінен автокөлік құралдарының электронды паспортына көшу Еуразиялық экономикалық одақта құжат рәсімдеуді жеңілдетіп, бизнестің операциялық шығындарын төмендетеді, сондай-ақ, автокөлікті пайдаланудың барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз етіп, бақылау жасауға мүмкіндік береді.   

 Электронды паспортқа көліктің немесе мотоциклдің жасалған немесе ЕАЭО-ға әкелінген уақытынан бастап тарихы жазылады. 

 "Бұл ақпаратты бұрмалауды қиындатып, мұндай құжаттарды қолдан жасауға мүмкіндік бермеуі тиіс. Болашақта мінілген көлікті сатып алатын кез келген адам арнайы порталдан оның тарихымен таныса алады", — деп атап өтті қауымдастық.

Электронды паспортқа көшу бірте-бірте жүзеге асырылады. Паспорт ЕАЭО елдері үшін бірдей болады.   


Жаңалықтар
0