Спорт

"Күте-күте шаршадым". Жеңілмеген украиналық Головкинді жекпе-жекке шақырды

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Деревянченко америкалық боксшыны жеңіп, орта салмақтағы үздіктермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Украинаның орта салмақтағы (72,6 кг дейін) мықты боксшыларының бірі Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) Уайлдер−Ортис шоуының андеркарды аясында америкалық Дашон Джонсонды (22-23-7, 7 КО) жеңді, деп хабарлады sports.kz

Жекпе-жекте нокаут немесе нокдаун болған жоқ, ауыр соққыларға төтеп бере алмаған америкалық 7-ші раундқа шығудан бас тартты.  

Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Сен өтірікшісің". Альварес GGG-дің командасымен сөзге келіп қалды
Украиналық боксшы жеңісінен кейін орта салмақтағы үздіктермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. 

"Мен Головкинмен, Альвареспен немесе тіпті Чарломен жұдырықтасуға дайынмын. Орта салмақтағы барлық үздікті жекпе-жекке шақырамын. Кім екені маңызды емес. Ең бастысы, жекпе-жекте чемпиондық титул тігілуі тиіс. Чемпион болу үшін аянып қалмаймын. Үздіктерге қарсы тұруға дайынмын. Титулдық жекпе-жекті күте-күте шаршадым", — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік,  2017 жылдың тамызында украиналық Багам Аралдарының боксшысы Туреано Джонсонды (20-2, 14 КО)   мерзімінен бұрын жеңіп, IBF тұжырымы бойынша чемпиондық титулға міндетті үміткер мәртебесін иеленген болатын.    


Жаңалықтар
0