АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Кәмелеттік жасқа толмаған қазақстандықтар Ішкі істер министрлігі ашқан мәнерлеп сырғанау, футбол, волейбол және басқа да көптеген спорттық секцияларға тегін қатыса алады.
Астанада "Динамо" спорт кешенінде балалар бокс және қоян-қолтық ұрыс секцияларына қатысып, Алматыда самбо, бокс, оқ ату, футбол, мәнерлеп сырғанау, акробатика, гимнастика, семсерлесу және қоян-қолтық ұрыспен айналыса алады.
Қазақстан қалалары бойынша секциялардың толық тізімі мұнда жарияланған.
"Алатау" спорт кешенінде сенбі күні ашылу салтанаты өтті. Оған ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, олимпиадашылар Досжан Картиков, Светлана Подобедова, Екатерина Айдова және Дмитрий Бабенко қатысты.