Өңірлер

Синоптиктер: бірқатар өңірде күн жылынады

© Sputnik / Анатолий Устиненкобәйшешек
бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 4-7 наурыз аралығындағы ауа райына гидрометеоролгиялық болжам ұсынады

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы төрт күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, кей өңірлерде температура біраз жоғарылайды.  

4-6 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа райы жауын-жашынды (негізінен жаңбыр) болады. Осыған байланысты қар еріп, жазық жерлер мен таулы өзендерде еріген қар суы жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, алқаптарға жайылуы ықтимал. 

1 наурызда жасалған жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттерінде Алматы облысы аумағының 54%-да, Жамбыл облысының 27%-да, Оңтүстік Қазақстан облысының 14%-да, Қызылорда облысының 66%-да қар жамылғысы жатыр. 

"4-5 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз ауа температурасы +5 градусқа көтеріліп, қар немесе жаңбыр жауады. Соның әсерінен қар еріп, жазық жерлерде ағын пайда болуы мүмкін. Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттеріне қарасақ, Атырау облысы аумағының 55%, Батыс Қазақстан облысы аумағының  99%-да  қар жамылғысы жатыр", — делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 6-7 наурыз күндері Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында күн +5 градусқа дейін жылынса, ШҚО-да +3+8 градусқа дейін көтеріледі. Бұл өңірлерде де қар еріп, жазық жерлер мен таулы өзендер еріген қар суына толуы ықтимал. Су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін.

1 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары аумағының 99%-да, Шығыс Қазақстан облысы аумағының  92%-да қар жамылғысы жатыр.

Жаңалықтар
0