Спорт

Қарсыласы қазақстандық хоккейшінің мойнын конькимен кесіп жіберді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКоньки
Коньки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Барыс" клубының жастар командасы "Қар барысының" қақпашысы қарсыласының конькиінен зардап шекті

АСТАНА, 3 наурыз  — Sputnik. "Мамонты Югры" ресейлік командасының хоккейшісі ойын кезінде қазақстандық "Қар барысы" ойыншысын жарақаттады.

Әлеуметтік желідегі mediasportkz парақшасы хабарлағандай, оқиға Жастар хоккей лигасының матчы кезінде болған: "Мамонты Югры" командасының 20 жастағы қорғаушысы Дмитрий Юшкевич "Қар барысының" қақпашысы — он алты жастағы Вилен Прокофьевтің мойнын конькимен кесіп жіберген. БАҚ мәліметіне сүйенсек, бозбаланың жарақаты терең емес көрінеді.

 

 

"Барыс" хоккей клубы жазғандай, 2 наурыздағы кездесуде қазақстандық команда 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Жаңалықтар
0