Смагулова: начало марта будет морозным
"Қазақстанға суық антициклон ауысып келіп, енді бар жылдамдықпен еліміздің бүкіл аумағы арқылы ығысады. Соның ықпалымен алдыңғы күндері республиканың солтүстік бөлігінде күн суытып, ауа температурасы климаттық нормадан 3…8 градус төмендеді. Сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күн аяз болып, ауа температурасы нормадан төмендейді", — деді Қазгидрометтің инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова.
Алайда 4-5 наурызда антициклонның орнын Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Каспий теңізінен келген циклондар басып, күн жылынады. Ауа температурасы жоғарылап қана қоймай, еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болмақ: жауын-шашын, тұман және көктайғақ.
Астана мен Алматыдағы ауа райы туралы аудиофайлдан тыңдаңыздар.