АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Астана қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 6-7 наурызда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі, 6 наурызда күндіз кей жерлерде қатты жауады, кей жерлерде көктайғақ, боран, тұман болады. Сонымен қатар бұрқасындатады – оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы — 15-20 м/с, ұйытқуы — 23-28 м/с болады, 6 наурызда күндіз, 7 наурызда күні бойы желдің екпіні кей жерлерде 30 м/с асады. Ауа температурасы күндіз 0-5 градус жылы, Шығыс Қазақстанда 3-8 градус жылы болады.
Астанада 6-7 наурызда жауын-шашын, көктайғақ, боран болады, желдің екпіні — 15-20 м/с, 6 наурызда күндіз, 7 наурызда түнде желдің ұйытқуы— 25 м/с.