Қоғам

Ливан елшісі Астанаға көңілі толмайтынын жеткізді

© Sputnik / Александр Альтман Хан Шатыр
Хан Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елшінің пікірінше, Қазақстанда туристер үшін баға тым қымбат, қызмет көрсету саласы дамымаған және көрікті жерлер аз

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Ливан елшісі Вазкен Кавлакян Қазақстанның қызмет көрсету саласы туралы пікірімен бөлісті.

ЭКСПО көрмесіндегі кезек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Батыстық тілші бос ЭКСПО павильондары мен "айдаладағы Астана" туралы жазыпты

Қазақстанның туризм саласында өзге елдермен ынтымақтастығын кеңейтуге арналған дипломатиялық корпус үшін брифингте сөйлеген сөзінде елші туризмнің "бизнес-сектрор емес, мәдениет" екендігін атап өтті.

"Сиқырлы таяқшаны сермеп қалып туризм құру мүмкін емес. Бұл секторда жұмыс істеу үшін адамдар арнайы дайындықтан өтуі керек", — деді Ливан дипломаты. 

Кавлакян айтуынша, туризмнің маңызды аспектілерінің бірі инфрақұрылым, орталықтар және көрікті жерлер. Бұлардың кейбірі адамдарға жаратқанның сыйы ретінде беріледі, ал қызмет көрсету саласында қажырлы еңбек керек.

"Өз басым Қазақстанда тұрып жатқаныма 10 жыл болды. Мейрамханада қызмет көрсететін адамдардың күлмейтінін көріп шошып кеткенмін. Жымиып күлу адамдарды жақын тартып, әңгіме-дүкен құруға итермелейді. Тек күлкі туралы ғана айтып тұрған жоқпын, әлбетте. Адамдармен сөйлесіп, қарым-қатынас жасай білу керек. Қызмет көрсету – бұл мәдениет, халықпен жұмыс істеп, соған үйрету қажет", — деді елші. 

Дипломаттың айтуынша, онсыз туристер мен клиенттерді тарту мүмкін емес.

Елші қозғаған екінші мәселе Қазақстанда тұру үшін қанша қаражат кететіні болды.

Баспана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі баспана бағасы қанша екенін айтты

"Көптеген турист бес жұлдызды қонақ үйде тұрмайды. Қонақ үй бизнесін бақылап отырған жоқсыздар. Мысалы, ЭКСПО-2017. Бір қонақ үйде түнеп шығу 100 доллар болды, бұл қомақты қаражат жұмсауға дайын емес туристтер үшін жаға ұстарлық жайт, тым қымбат баға", — деп сөзін жалғастырды Кавлакян.

Кейін ол Астанадағы ойын-сауық орындары туралы сөз қозғады. Елшінің айтуынша, елорда Қазақстанның мақтанышы, сол себепті шетелдіктер Астананы аралағысы келеді.

"Бірақ Астана іш пыстырарлық қала. Өкінішке орай, көңіл көтеретін орындар жоқ. Қайда бара аласың? "Думан" океанариумына барып, Бәйтерекке шығуға, музейлерді аралауға болады, бітті. Басқа ештеңе жоқ. Меніңше, Астанаға көбірек көңіл бөліп, қызықты етуге тырысу керек", — деп сөзін аяқтады Кавлакян.

Жаңалықтар
0