Өңірлер

Қазақстанның төрт облысында елді мекендерді су басуы мүмкін

© Sputnik / Анатолий УстиненкоСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы бойынша гидрометеорологиялық болжам жасады

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Синоптиктер 3-4 наурызда республиканың төрт облысында жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

"3-4 наурызда Қызылорда, 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Осының әсерінен қар еріп, таулы өзендер мен жазық аумақта еріген қар суы жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басуы ықтимал", — делінген хабарламада.  

Естеріңізге салып өтсек, Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялады.

Жаңалықтар
0