Өңірлер

Қазақстан жолдарында жүк көліктеріне шектеу енгізілді

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 наурыздан бастап ауыр жүк тасымалына шектеу қойылады

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстан тас жолдарында 1 наурыздан бастап ауыр жүк тасымалына шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігінің сайты.

Жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қасымбек өңірлердегі жолдар үшін қосымша ақша сұрады

"Қазақстанда 2018 жылдың 1 наурызы мен 1 мамыры аралығында республикалық автомобиль жолдарында ауыр жүк тасымалдайтын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер қойылады", — делінген хабарламада. 

Наурыз айының 23-і мен мамыр айының 1-і аралығында 4 климаттық аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан,  Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі. Ал наурыз айының 1-нен сәуір айының 1-не дейін 5 климаттық аймаққа (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі.

Бұл уақытша шектеулердің жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдайтын автокөлік құралдарына, төтенше жағдайды алдын алу және жою шараларына, зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке, азық-түлік пен жолаушыларды және медикаменттерді тасымалдауға, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ.

© Photo : ҚР инвестициялар және даму министрлігіАуыр жүк тасымалына шектеу
Ауыр жүк тасымалына шектеу - Sputnik Қазақстан
Ауыр жүк тасымалына шектеу
Жаңалықтар
0